Павлодар әкімі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов Павлодар қаласының активімен кеңес өткізді.

"Оның қорытындысы бойынша ол қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны, жобалардың іске асырылуына қажет бақылау жасамағаны, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыруын жасамағаны, қала әкімдігінің Павлодар халқымен байланысын әлсіретені үшін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын хабарлады", - делінген хабарламада.

Облыс әкімінің әкімшілігіне Президент Әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.


Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды