"Әдейі жасалып отыр": Депутат Берденов те Қазақстан темір жолының мәселелерін айтты

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов әріптесі Елнұр Бейсенбаевтың сауалын қолдай келе, "Қазақстан темір жолы" компаниясына қатысты қордаланған проблемаларды атады.

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ әлеуметтік маңызды бағыттарда жолаушы тасымалдайтын 4 компанияға арналған субсидияны тоқтатып, төленген бөлігін қайтару туралы шешім шығарған. Кесірінен 2500 астам адам жұмыссыз қалып, жалақы, салық қарызы 1,5 млд теңгеден асатын әлеуметтік ушығу қаупі тұр.

Екіншіден жүк логистика мәселесі де бар. ҚТЖ 25 жылда экономикалық жоспарлау, болжау, стратегия, табыс көзін ұлғайтуға бағытталған тиімді тетіктерді қолдануды үйренбеген. Экспорт пен импорт жоспарын бекітуді кешіктіру салтқа айналған.

"Бұл әдейі жасалып отырған жемқорлық тетіктері деп білемін. Қазір астық өңдеушілер одағы қыркүйекте тәулігіне 765 мың тонна немесе айына 2,3 млн тонна астық тасу жоспарлап отыр. Ал ҚТЖ жоспарды орындай алмайды, себебі инфрақұрылымының өткізу қабілетін тек айына 1-1,2 млн тоннамен шектеген. Біз тіпті жылына 46,2 млн тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттайтын ел ретінде экспортты ұлғайта алмай отырмыз. КТЖ бүгін инфрақұрылым түгіл елімізді бос вагон-цистерналармен қамтамасыз ете алмай отыр". Мәжіліс депутаты Руслан Берденов

Тағы бір мәселе - кәсіпкерлердің нарықтан шектетілуі. Алтынкөль стансасыда жері бар кәсіпкерлерге терминал салуға ҚТЖ рұқсат бермей отыр.

"Оның себебі даму жоспарының жоғынан ба әлде Cosco Container Lines (Hong Kong) Co. и Shanhai (Hong Kong) Investment&Development Company Limited тәрізді компаниялардың мүддесі ме? 1960-80 жылғы 42 жүк стансасының терминалдары үлгермейді. Вагондар тұрып қалып жатыр, тауар кешігеді, келісім шарттар бұзылады. Салдарынан бюджет пен кәсіпкерлер милиардтап табыстан айырылып жатыр". Депутат

Берденовтің сөзінше, ҚТЖ жұмысына 2020 жылғы аудиторлық тексеру 5 жылда тек шығын үрдісі байқалады деп жазған. Оның жалпы сомасы - 616,8 млрд теңге. Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша 2015 жылы шығын - 460,0 млрд, 2018 жылы - 86,5 млрд және 2019 жылы – 70,3 млрд теңге болды.


"Есеп комитеті үкіметке ҚТЖ шығынды қызметіне назар аудару, жалпыұлттық мақсаттарды ескере отырып, Даму стратегиясын қайта қарау ұсынған. Бірақ нәтиженің жоқтығын өздеріңіз көріп отырсыздар. президенттің Қазақстан халықына жолдауында көтерген "Қазақстан темір жолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылу мәселесінің сапалы жүзеге асыру үшін осы мәселелерге байланысты нақты шара қолдануыңызды сұраймын", - деп сауалын жолдады Берденов Әлихан Смайыловқа.
Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: