Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда енді үкімет отырысы онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 13 қыркүйекте үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Таратылған хабарламада министрлер жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ отырыстарды ұйымдастыру кезінде бейнеконференцбайланысты қолдану тәжірибесін кеңейту көзделген бюрократиясыздандыру туралы қаулыға сәйкес Үкімет отырыстары онлайн өткізілетіні айтылған.
"Министрлер күн тәртібі бойынша баяндама жасау үшін жеке қатысады. Отырыс аяқталғаннан кейін олар баспасөз мәслихатына барады, онда журналистер сұрағын қоя алады. Сонымен қатар кездесулер әлеуметтік желілерде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайтында онлайн режимінде көрсетіледі", – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл ретте коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында әр министр өз алаңында жеке кесте бойынша брифинг өткізіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында бұл процедура барлық БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
"Үкімет отырысын аралас форматта (баяндамашылар – оффлайн, басқалары – онлайн) өткізу тәртібіне қатысты аз-кем ақапарат бере кеткіміз келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ өкілдері мен министрлер кабинетінің барлық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл жұмысын үйлестіруге және көмектесуге дайын.Сондай-ақ, министрлер ай сайын саланың өзекті мәселелері бойынша журналистерге арналған брифинг өткізетінін атап өткім келеді". Аида Балаева

Бұған дейін журналистер жиыннан кейін кулуарда меморган басшыларына тікелей сұрақ қойып, өзекті мәселе бойынша пікірін сұрай алатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды