Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Фото: senate.parlam.kz
Бұған дейін оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.
"Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды", – делінген хабарламада.
Дауыс беру барысын жарияланған бейнежазбадан көруге болады.
Ерлан Қошанов 1962 жылғы 14 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын инженер-механик мамандығы бойынша, 1991 жылы КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы Жоғары коммерциялық мектепті, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
- 1986–1988 жылдары – "Жезқазғантүстімет" ғылыми-өндірістік бірлестігінің байыту фабрикасында слесарь, шебер;
- 1988–1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі;
- 1990–1995 жылдары – Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төраға орынбасары, төрағасы;
- 1999 жылғы ақпаннан 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі;
- 2001 жылғы қазаннан 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;
- 2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі;
- 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы наурызға дейін – Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
- 2007 жылдан 2012 жылғы ақпанға дейін – Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Үкіметтің Мәжіліс пен Парламенттегі өкілі;
- 2012 жылғы 2 ақпаннан 2017 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы;
- 2017 жылғы 14 наурыздан 2019 жылғы қыркүйекке дейін – Қарағанды облысының әкімі. Өкілеттігі 2019 жылғы 17 маусымда ұзартылған;
- 2019 жылғы 18 қыркүйектен 2022 жылғы 1 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.