Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Парламент, Мәжіліс, Сенат, палаталар, шақыру, Ерлан Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 18:40 Сурет: senate.parlam.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 206 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 5 мамырда ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отырысты өткізу мерзімі 8 мамырға белгіленді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", делінген өкім мәтінінде.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жаңа басшысы болып Роман Склярдың тағайындалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: