Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылды
Сурет: Telegram/mazhilis_kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", — деп жазылған бұйрық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары 2024 жылғы 28 маусымда VIII сайланған екінші сессияның жұмысын аяқтап, демалысқа шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript