Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді

Здания Мажилиса и Сената Парламента РК, Мажилис, Сенат, Парламент, госслужба, госслужащие, государственная служба, государственные служащие, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 16:43 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өкімге сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде 30 маусым күні өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: