Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат Мәжілістің ресми Telegram-арнасында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда өткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript