Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысының немен айналысатыны белгілі болды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2026 жылғы 5 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Кейін оның алдағы қызметіне қатысты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлықта Айбек Дәдебайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны көрсетілген.
Кейінірек Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында мәлімдеме жариялап, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдіргенін хабарлады.
Сондай-ақ ол елде ауқымды саяси науқан өтетінін атап өтті.
Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы болып Роман Скляр тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript