Қазақстанда жемқор деп танылған азамат шенеунік болғысы келді

Сурет: Алматы әкімдігі
Қазақстанда бұрынғы жемқор шенеунік болғысы келген. Ол Конституциялық сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасын Конституцияға сәйкес келмейді деп тануды сұрады.

Өтініш авторы бұған дейін өзін Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынған. Бірақ сайлау комиссиясының шешімімен арыз берушінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылуы негізінде депутаттыққа кандидат ретінде тіркелуі жойылды.

"Сыбайлас жемқорлық конституциялық қауіпсіздікке елеулі қатер ретінде танылады. Ол азаматтардың конституциялық құқығы мен заңды мүддесіне, құқықтық тәртіп пен демократиялық негіздерге, экономикалық реформаларды жүргізуге кедергі келтіреді. Мемлекеттік аппараттың қызметіне және халықтың билікке сеніміне нұқсан келтіреді, оларды сайлауға қатысуға моральдық ынталандырудан айырады", – делінген Конституциялық сотта.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін басты қатерлердің бірі ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Конституциялық сот оның шағымын тексеру қорытындысы бойынша бұрын қабылданған шешімнің заңды екенін растады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті