Қоқыс жәшігі болмағасын лақтырып жатыр: Шымкент әкімі қаладағы қоқыс туралы

Сурет: Алматы әкімдігі
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуінде қаланың өзекті мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қалада бірыңғай дизайын код жоқ.

"Бәрі қалай болса, солай. Мен көшені тазалағанын бір рет қана көрдім. Қоқыс жәшіктері жоқ және адамдар бәрін тастай береді."Ғабит Сыздықбеков

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, сонымен қатар әкім жағдайдан мүлдем хабарсыз әрі оны бақылай алмайтын шенеуніктердің де бар екенін мойындады.

"Кадрлық ауыс-түйіс барлық жерде және әрқашан болатыны сөзсіз. Мемлекеттік қызметте біліксіз, немқұрайлы адамдар болмауы керек", - деді Ғабит Сыздықбеков.

18 қыркүйекте шымкенттіктер жаңа әкімге ерекше өтінішпен жүгінді: қала тұрғындары қоғамдық көлікте жүруді тегін етуді сұрады.

Ғабит Сыздықбеков 2023 жылдың 5 қыркүйегінде Шымкенттің әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды