Тоқаев Германия канцлерімен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді

Сурет: akorda.kz
Германияға ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады, делінген Ақорда хабарламасында.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, "жасыл энергетика" және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін "Орталық Азия – Германия" кездесуінің күн тәртібін талқылады.

Тоқаев 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Германияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысының шет мемлекетке келіп жеткен сәтінің суреттері мен видеосы Telegram-дағы Ақорданың ресми парақшасында жарияланды.
Германия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

"Қазгидромет" Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады