Тоқаев: Қазақстан "антиресейлік" емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Қазақстан Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берлинде "ҚазАқпарат" агнеттігінің тілшісі Қазақстан президентіне былай сұрақ қойды:

"Кейбір ресейлік БАҚ пен саяси қайраткерлер Германияға ресми сапарыңыз барысында Берлинде өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемелеріңізге сын айтты. Олар Қазақстан Ресеймен ынтымақтастықтан алшақтап, Батыспен жақын байланыс орнатып жатыр деп отыр. Мұндай айыптауға не айтар едіңіз?"

Тоқаев тілшіге Қазақстан "антиресейлік" емес екенін айтты:

"Біз әлемде ең ұзын шекара біріктіріп отырған Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанып келеміз. Сол баспасөз мәслихатында айтқанымдай, бізде әртүрлі салаларда, соның ішінде сауда және гуманитарлық байланыстардағы ынтымақтастықтың ежелден қалыптасқан дәстүрі бар", – деді ол.

Санкцияларға келетін болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының жақында өткен сессиясында және басқа да сөйлеген сөзімде санкциялық текетірес жаһандық дағдарыстың шиеленісуі жағдайында эрозияға ұшыраған халықаралық қатынастарды жақсарту тұрғысынан мүлдем кері нәтиже береді.

"Қазақстанда санкциялық шектеулерге жататын тауарлар жоқ. Қазақстан сондай-ақ Ресейге параллель деп аталатын импортқа қатыспайды", – деді мемлекет басшысы.

Дәстүрлі тауарлар саудасына келер болсақ,  Қазақстан президенті "ол өсіп, өткен жылы Қазақстан – Ресей тауар айналымының көлемі 25 млрд долларға жеткенін" атап өтті. Ол жақында Астанада "Иннопром" көрмесі сәтті өткенін еске салды. Оған премьер-министр Михаил Мишустин бастаған ресейлік делегация келді.

"Бұл ретте Қазақстан санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүр және бұл мәселе бойынша тиісті халықаралық ұйымдармен байланыста".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған қоса ол тағы Ресей мен Украинаны келіссөз жүргізуге шақырды.

"Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дипломаттарды Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік туралы келіссөздер үшін өзара қолайлы негіз табуға назар аудартқым келеді. Бұл өте маңызды. Өйткені әлем адамзаттың көпшілігі үшін салдары апатты болатын және өлімге әкелетін қақтығыстың қауіпті нүктесіне жақындады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары 2023 жылғы 28 қыркүйекте басталды.

Германия Қазақстан Ресей Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: