Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарып жүргендер жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасы алимент төлемегені үшін облыс бойынша әкімшілік жауапқа 65 жергілікті тұрғын және 18 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.

Талдау барысында 1,4 млн теңге берешегі бола тұра, табыс көзін жасырып және алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген "Н" есімді азамат анықталды. Әкімшілік сотпен азамат "Н" әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, 2 тәулікке қамаққа алынды.

Сонымен қатар прокурорлармен 3 баланың әкесімен ата-аналық міндетін тиісті түрде орындамай, алимент төлеуден жалтару фактісі анықталды. Көрсетілген тұлға тұрақты табыс көзінің болуына қарамастан 3,3 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарып жүрген. Қалалық сотпен "Ф" есімді азамат Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп табылып, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс және 1 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды.


"Бұдан бөлек алимент төлеуден жалтарып жүрген 17 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Прокуратура бұдан бұрын бірнеше рет алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы ескерткен және азаматтарды өздерінің ата-аналық міндеттеріне адал қарауға шақырады".Маңғыстау облысының прокуратурасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды