Мемлекет басшысы заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Сурет: akorda.kz
Жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетсек, бүгін, 2 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін