Президент CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сонымен қатар Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы