Премьер-министрдің орынбасарлары қандай міндеттер атқарады

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі және мремьер-министрдің орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың міндеттеріне Үкіметтің қызметіне басшылық ету, экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері, мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін шешу кіреді. Сонымен қатар премьер-иинистрдің қарауына шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту, қорғаныс және құқықтық тәртіп, мемлекеттік активтерді басқару, салаларды цифрландыру және цифрлық экономиканы дамыту, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері кіреді. Бұдан бөлек, премьер-министр республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық жасайды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға:

Сонымен қатар Роман Скляр жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, ғарыш қызметі, әскери қауіпсіздік, туризм инфрақұрылымын дамыту және спорт мәселелерін үйлестіретін болады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың міндетіне:

Сонымен қатар ол орталық және жергілікті атқарушы органдарды цифрландыру, мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер қорын құру жөніндегі қызметті үйлестіру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін, заң шығару қызметін үйлестіру, Мемлекет басшысының актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, мремьер-министр тапсырмаларының орындалуын бақылау жұмыстарына жетекшілік етеді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаев:

Бұдан бөлек, оның міндетіне инвестициялық саясат, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жобалық басқаруды дамыту, халықаралық қаржы институттарын үйлестіру, концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері кіреді.

Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаевтың міндетіне бизнестің проблемалық мәселелерін, оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін қарау және шешу, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін реформалау және т. б. мәселелер кіреді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеудің міндетіне:

Сонымен қатар оған сыртқы инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру, еліміздің шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын кеңейту, көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру міндеттері бөлінді.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың міндетіне:

Бұдан бөлек ол мәдениетті және спортты дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, демография және көші-қон саясаты, "Ауыл аманаты" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің міндетіне:

Бұдан бөлек, оның міндетіне "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" және "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамдарының қызметін үйлестіру мәселелері кірді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: