Тоқаев ҚХР төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келіп жетті

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" форумының аясында бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесу өткізгені хабарланған болатын. Кездесуде Қазақстан мен Қытай арадағы тауар айналымы көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті екені белгілі болды.

Өзбекстан
Түрікменстан
Қытай
БҰҰ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз