Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қытай арадағы тауар айналымы көлемін 40 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 19:04 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ғасырлар бойғы достық пен өзара қолдаудың берік арқауына сүйене отырып, Қазақстан мен Қытай мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында тұрақты нығайып келе жатқан үлгілі мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізін қалағанын атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнаған. Үкіметтер мен парламенттер деңгейінде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығына» қадам бастық. Бүгін Төраға Си Цзиньпинмен және Мемлекеттік кеңестің Премьері Ли Цянмен жан-жақты келіссөздер жүргізу барысында өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтуге ниетті екенімізді растадық. Қазіргі таңда Қытайды Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің және біздің экономикамыздың ірі инвесторларының бірі деуге болады. Біз елдеріміз арасындағы тауар айналымын алдағы уақытта 40 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Жалпы Қытайдың Орталық Азия мемлекеттерімен тауар айналымының жартысы Қазақстанға тиесілі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, кездесу, Қытай, Бейжің, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 19:04

Сурет: akorda.kz

Өз кезегінде Чжао Лэцзи Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-қытай қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің сапары барысында Қытай тарапымен табысты келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі бекиді, өзара тиімді ынтымақтастық дамиды және екіжақты қатынастар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенім білдірді.

Чжао Лецзи, кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, ресми сапар, Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 19:04

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжао Лэцзи Қазақстан мен Қытайдың  парламентаралық қатынасының жоспарлы түрде нығаюын оң бағалады, сондай-ақ кең көлемдегі екіжақты ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесті. Кездесу барысында Ли Цян екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту тұрғысынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: