"Ауыл" партиясының төрағасы жаңадан сайланды

Сурет: "Ауыл" ХДП баспасөз қызметі
18 қазанда Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті, оған партияның өңірдегі 20 филиалының делегаттары түгелдей қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Съезде қаралған басты мәселе жаңа төрағаны сайлау жайы болды, делінген партия баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Парламент Мәжілісіндегі "Ауыл" саяси фракциясының партиямыздың сайлауалды бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының депутаттар алдына қойған міндеттерін орындау жөніндегі жұмысын жандандыру қажет, осыны ескере отырып, Мәжілістің сайланған депутаттары арасынан партияның жаңа көшбасшысы болуы тиіс деп санаймын", - деді Әли Бектаев.

Ал өзі ҚР Парламенті Сенатындағы жұмысына негізгі көңіл бөлетінін жеткізді.

Партияның жаңа төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев сайланды.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ауыл шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару органдарында практикалық тәжірибесі бар. 

"Ауыл" партиясы биылғы сайлау қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінде 8 депутаттық мандатқа ие екендігін атап өткен жөн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі