Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады

Сурет: primeminister.kz
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өткен кеңесте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды.

 Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды қайта жазу және өтірік есептен шығару мүмкіндігін жойып, дәрілік заттардың бөлшек саудадағы бағасына, қалдықтарына және жарамдылық мерзімдеріне мониторинг жүргізеді.

Толық қадағалау мақсатында әр қорапқа екі өлшемді бірегей Data Matrix коды қолданылады. Нәтижесінде республикадағы дәрілік заттардың толық айналымын өндірілген сәттен бастап қолданысқа дейін онлайн бақылауға мүмкіндік туады. Қадағалау жүйесін 2024 жылдың шілдесінен бастап енгізу жоспарланған.

"Премьер-министр платформаның барынша тиімді болуы және ауруханалар, емханалар, ауылдық денсаулық сақтау мекемелері мен дәріханаларда қолдануға ыңғайлы болуы үшін оның барлық функционалдығын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Бұдан бөлек, үкімет басшысына балабақшаларға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы таныстырылды. Ол ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған", - делінген үкімет хабарламасында.

Премьер-министр бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керек екенін айтты.

Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты