2025 жылға қарай 41 ауыл сапалы ауызсумен қамтылмақ

Сурет: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Осылайша 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.

Аталған елдімекендердің 35-і Солтүстік Қазақстан облысында, 3 – і Ақмола облысында, 3 – і Қызылорда облысында орналасқан.

"2025 жылға қарай 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елдімекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1200 км топтық су құбырларын салу жоспарланып отыр. Онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады",- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады