Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Республика күні халықтың болашаққа сенімін нығайтатын ерекше мейрам болуы керек. Патриоттық, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды көптеп ұйымдастырған жөн.
"Егемендік күні ұлтты ұйыстыратын нағыз елдіктің мейрамына айналуға тиіс. Яғни, осы қастерлі мерекеде Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан бәріміз бір ел болып атсалысайық!". Қазақстан президенті
Тәуелсіз елдің табысын арттыруға азаматтарымыз маңдай терімен үлес қосып жүр. Шын мәнінде, табанды еңбек зор табысқа жеткізеді деп қосты мемлекет басшысы. Оның сөзінше, қоғамда еңбекқорлықты көбірек дәріптеуіміз керек.
"Барлық саланы, әсіресе, өндірісті білікті мамандар дамытады. Сондықтан біз бір ел болып қоғамда еңбекқорлықты дәріптейміз. Адал еңбек пен жауапкершілік жаңа қоғамдық этиканың өзегі болуы керек. "Еңбегіне қарай – құрметі" деген". Тоқаев
Әрі қарай мемлекет басшысы еңбегімен дараланып, көпшіліктің құрметіне ие болған азаматтардың атын атап, оларды марапаттауға кірісті.