"Менің соңымнан еріңіз!". АҚШ елшісі Қазақстан халқына ерекше видеоқұттықтау жолдады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында видеоқұттықтау жариялады. Видеода АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан астанасын аралап, бір жерге келгенде самса сатып алады. Құттықтау осындай бір күнделікті көріністен басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстан егемендігін жариялап, тәуелсіздік пен жарқын болашақтың даңғыл жолына түсті. Осыған орай мен осы егемендіктің негізін қалаған Қазақстанның ұлы ерлері мен әйелдерін зерттеп көрейін дедім. Олардың есімі қазір күнделікті өмірімізде жиі айтылып, көше маңдайшаларында, ескерткіште жазулы тұр. Қаланы аралап, осы ұлы тұлғалардың егемен, тәуелсіз және заманауи Қазақстанды құруға қосқан үлесін еске алайық". Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм

Елші Міржақып Дулатов, Шара Жиенқұлова, Мұхтар Әуезов, Ақын Сара және Рахымжан Қошқарбаев көшелеріне тоқтап, біртуар тұлғалардың қазақ халқының тарихына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

"Осы Республика күнінде Қазақстан тәуелсіздікке алғашқы қадамын тойлап жатқанда мен Астанадағы қазақ және американ халықтарының қарым-қатынасын айқындайтын тағы бір көшені атап өткім келеді, ол — Достық. Баршаңызға Республика күні құтты болсын", - дейді сөз соңында АҚШ елшісі.


Айта кетсек, РФ елшілігі Қазақстанды Республика күнімен құттықтаған болатын.

Қазақстан АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: