Астана әкімінің орынбасары болып Евгений Глотов тағайындалды

Сурет: gov.kz
Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып ҚР Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Еңбек өтілі:

Евгений Глотов еңбек жолын "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастады. Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС және т. б. жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жылдары ҚР Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды