Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері қол қойған құжаттар:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;
- Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;
- "QazBioPharm "ҰХ" АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;
- Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;
- "Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету" жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.
2023 жылғы 1 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон екі ел арасында қандай келісімдерге қол қойылатынын айтты.
Францияның Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының көлемі шамамен 18,7 млрд доллар болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында айтты.
Қазақстан мен Франция алдағы ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындады.