Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшыларын тағайындады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімдерімен "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді:

"Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды".

Ал Жеңіс Маралов Мемлекет басшысының өкімімен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Президенттің  өкімімен Мереке  Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды