Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады

Сурет: elbasy.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға інісі қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздері мен шынайы тілектеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәлімдемесі Тұңғыш президенттің ресми сайтында жарияланды.

"Қымбатты отандастар! Құрметті достар! Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу – орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар ол кейінгі күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатқанын айтты.


"Маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рақмет".Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек