Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.


"Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды".Ақорда хабарламасы

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Қазақстан
Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін