Тоқаев ауылшаруашылығы жобаларына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына  вице-премьер өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы, делінген Ақорда хабарламасында.

2024 жылы бес елдің интеграциялық бірігуіне 10 жыл толады. ЕАЭО құрылған уақыт ішінде Қазақстанның серіктестермен арадағы өзара сауда айналымы 74 пайызға өсті (2015 жылы – 16,3 миллиард доллар, 2022 жылы – 28,3 миллиард доллар). Бұл ретте экспорт 90 пайызға артты (2015 жылы – 5,1 миллиард доллар, 2022 жылы – 9,7 миллиард доллар).

Сонымен қатар Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу көлемін 30 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды:

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту және халықаралық деңгейде жоспарланған іс-шаралардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан Жұманғарин Серік Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: