Газа секторы территориясында тек бір Қазақстан азаматы қалды – СІМ

Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау процесі қалай жүргізілгенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айуынша, Отанға 127 адам оралған.

"Газа секторында едәуір қазақстандық өмір сүретінін назарға ала отырып, СІМ Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында әскери іс-қимыл жүріп жатқан аумақтан 127 адамды, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін өз Отанына эвакуациялау үшін рейстер ұйымдастырды", – деді Нұртілеу.

Оның айтуынша, Газа секторында бір қазақстандық және палестиналық болып табылатын оның отбасының 10 мүшесі қалды. Олар эвакуациядан өз еркімен бас тартқан.

"Министрлік пен шет елдердегі мекемелер жағдайды бақылауда ұстап отыр. Егер қазақстандықтардан өтініштер келіп түсіп жатса, олар эвакуациялау жұмысын жүргізуге дайын. Сондай-ақ, Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан атынан Газа секторы халқына 1 миллион АҚШ доллары және 38 тонна гуманитарлық жүк түрінде гуманитарлық көмек жолданғанын еске сала кеткім келеді. Бұл азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар және т.б.", - деп атап өтті СІМ басшысы.

Нұртілеу елімізге отандастарымызды сәтті жеткізу және гуманитарлық жүктерді жөнелту Қазақстанның мемлекеттік органдары мен шет елдердегі мекемелердің бірлескен жұмысының нәтижесі екенін баса атап өтті.

Айта кетсек, 17 қарашада Қазақстан билігінің алғашқы эвакуациялық борты 99 азаматты, оның ішінде 59 ҚР азаматын және 40 шетелдікті отбасыларымен бірге Отанға сәтті жеткізді. Екінші рейс 11 желтоқсанда Мысырдан Астанаға оралды, ол кезде бортта 28 адам болды, оның ішінде 8 ҚР азаматы және олардың отбасы мүшелері болып табылатын 20 палестиналық бар.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді