Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

Сурет: Zakon.kz, wikimedia
Қазақстан билігі "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Kazinform тілшісіне берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

– Неліктен мұндай шешім қабылданды?

– Қазақстанда Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында жүйелі түрде аудит жүргізіледі.

"Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес Талибанды одан шығару туралы шешім қабылданды".

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді.

– Қазақстан мен Талибан арасындағы дипломатиялық байланыс қалай дамиды?

– Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді.

"Талибан қозғалысы" 1986-87 жылдары таныла бастады. Әлемнің көптеген елдерінде ол тыйым салынған террористік ұйым ретінде танылған. "Талибан" Ауғанстанды 1996-2001 жылдар аралығында басқарды. Бұл қозғалыс 2021 жылы АҚШ әскерлері елден шығарылғаннан кейін билікке оралды.


Ауғанстан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды