Ресейдегі президент сайлауы: ОСК хаттамалардың 99,01% өңдеді, Путин 87,33% алды

Сурет: pixabay
Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мәскеу уақыты бойынша 6:04 (Астана уақытымен 8:04) мәліметі бойынша, хаттамалардың 99,01 пайызы өңделген. Владимир Путин 87,33 пайыз дауыспен көш бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейде президент сайлауы аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялады: хаттамалардың 99,01 пайызы өңделді. Владимир Путин - 87,33%, Николай Харитонов - 4,31%, Леонид Слуцкий - 3,19%, Владислав Даванков - 3,79%.

Ресейде сайлау 15-17 наурыз аралығында өтті.

Бұрын хабарланғандай, президенттік сайлауға Владимир Путиннен басқа үш үміткер қатысты. Заң бойынша жеңіске жету үшін 50 пайыздан астам дауыс жинау керек.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме