Сыртқы істер министрлігі: Мәскеуде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

Сурет: gov.kz
Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетте қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
"Қазір егжей-тегжей анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат түспеді. Қосымша ақпарат белгілі болған кезде береміз. Елшілікте қазір 8 (925) 897-71-14 сенім телефоны жұмыс істейді", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін камуфляж киген кем дегенде үш адамның Крокус Сити Холл партеріне кіріп, автоматтан оқ жаудырғаны хабарланған болатын. Жағдай Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 40 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайтынын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті президент Владимир Путинге теракт құрбандарының көп болуына байланысты көңіл айтты.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз