Мемлекет басшысы құтқарушылармен және еріктілермен кездесті

Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Көп ұзамай бұл жұмыстар да аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сурет: Ақорда

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді