Су тасқынымен күресіп жатқандарға Қорғаныс министрлігінен қосымша әскери күштер жолданады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 сәуірдегі бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде айтты. 

Президент су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды.

"Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды. 

Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінің толық мәтінін мына арадан оқи аласыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды