Энергетика министрлігі "Ресейге арналған мұнай қоры" туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: Zakon.kz
Reuters басылымы үш дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ресей Қазақстаннан 100 мың тонна бензиннен тұратын апаттық жағдайға арналған қор құруды сұрағаны туралы мақала жариялады. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Reuters басылымы жариялаған мақалада Ресейдің аталған қорды пайдалану туралы келісімді мақұлдап қойғаны да айтылады.

Қазақстан Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов 2024 жылы 8 сәуірде РФ Энергетика министрлігі тарапынан мұндай өтініш түспегенін нақтылады.

"Ақпаратты растамаймыз", - деді Ілиясов.


Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды