Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылда, әсіресе цифрландыру, көлік және логистика салаларында тиімді ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі аталып өтті.
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
"Кездесу соңында Эстония Президенті Қазақстан елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі". ҚР СІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2024 жылы 27 наурызда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болғаны белгілі болды. Ол Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды.