Президенттің ізімен: Оқушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясын аралап көрді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Аталған шара аясында балалар "Ақорда" резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.

Сурет: Ақорда

Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.


Сурет: Ақорда

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, "Нұр-Әлем" павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысушы балалармен жүздескен болатын.

Сурет: Ақорда


Астана Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: