Президент Алматыда балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысты
Сурет: Ақорда
1 маусымда Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда ұйымдастырылған "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне барып, балалармен кездесті.
"Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге "Science", "Engeneering", "Art", "Technology" және "Mathematics" станцияларын аралап көрді. Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты. Сондай-ақ жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript