Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, құттықтау, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 09:00 Сурет: akorda.kz
1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөз басында Презиент жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталатынын баса атап өтті. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды.

"Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, "Адал азамат" тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет. Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Бала, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 09:00

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Айта кетсек, күні кеше Президент әйелдер мен балалар туралы пікір білдіріп, жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыстаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: