Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев жас ғалымдарға пәтер сертфикаттарын табыстады

Салтанатты шара, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев, жас ғалымдар, пәтер сертификаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 18:19 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғалымдармен болған кездесу соңында ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтті. 

Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды:

1. Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры;

2. Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы;

3. Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері;

4. Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті;

5. Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі;

6. Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы;

7. Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері;

8. Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры;

9. Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.

10. Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі.

Айта кетсек, Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: