Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай беретінін айтты.
"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада ел жастарына үндеу жасаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript