Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:34 Сурет: Ақорда
2024 жылы 1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты.

"Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар. Президентке орталықтың заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған диагностика кабинеттері, нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесі және операция бөлмелері таныстырылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:34

Сурет: Ақорда

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, 1965 жылы негізі қаланған қалалық балалар ауруханасы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті педиатрия кафедрасының клиникалық базасы саналады. Ауруханада тек Алматы қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның балалары жоспарлы ем-дом алады.

Республика бойынша тек осы клиникада жаңа туған нәрестелерде кездесетін асқазан артрезиясы, көкет жарығы (диафрагмальная грыжа), рахишизис, гастрошизис секілді туабітті дерттерді хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері жолға қойылған.

Соңғы үш жылда бұл ауруханада емделушілер саны 30 пайызға артқан. Сол себепті қазір Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының негізгі ғимаратын жаңарту және реконструкциялау жоспары әзірленіп жатыр. Соған сәйкес ескі корпустардың бәрі күрделі жөндеуден өткізіліп, қосымша оңалту, отоларингология, аймақтық офтольмология орталықтары және жақ-бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылмақ.

"Нәтижесінде стационардағы төсек-орын саны 350-ден 470-ке дейін артады. Сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің түрі көбейіп, халықаралық стандарттар деңгейіндегі сапаны қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады".

Жедел жәрдем көлігі, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 11:34

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық мекеменің қызметіне табыс тілеп, 2 реанимобиль мен интерактивті тақтаны сыйға тартты.

Таңертең Президент ел азаматтарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: