СІМ Парижге жазғы Олимпиада ойындарын тамашалауға бармақшы ел азаматтарына үндеу тастады

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 3 маусымда өткен брифинг барысында Парижге жазғы Олимпиада ойындарына баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға өз ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Олимпиаданы тамашалау үшін қанша қазақстандық Парижге аттанғалы отырғанын айта алмайтынын атап өтті.

"Тек, Олимпиадаға баратын азаматтарымызға ұсыныстар айта аламыз. Адамдар көп жиналатын болғандықтан, жергілікті билік қауіпсіздік шараларын мейілінше күшейтеді. Олардың талаптарын мүлтіксіз орындау қажет болады. Сіз өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы ойлануыңыз керек. Кез-келген форс-мажор жағдайда дереу Париждегі елшілігімізге хабарласуларыңыз керек. Біз Сіздерге көмектесеміз", – деді Айбек Смадияров.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады, сондай-ақ 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы ойнатылады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады