Ерлан Қарин: Қазіргі басты міндеттің бірі – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру

Сурет: akorda.kz
2024 жылы 3 маусымда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен оқытушы-профессорларының алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының идеологиялық сипаты еліміздегі барлық өзгерістің бастауында тұрған "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасында көрініс тапқанын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың мән-маңызы, мақсаты және негізгі кезеңдері мен нәтижелері туралы әңгімелеп берді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ерлан Қариннің пікірінше, қазіргі басты міндеттің бірі – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру және қоғамды жаңа құндылықтар жүйесі негізінде ортақ мақсатқа ұйыстыру. Бұл құндылықтарды Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айқындап берді.  

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясатта әрдайым өзіміздің күн тәртібімізді басшылыққа алу қажеттігін атап өтті. Біздің ішкі саясатымыз жасампаздыққа негізделген және жан-жақты жаңғыруды және реформалар жүргізуді көздейді. 

Сөзінің соңында Ерлан Қарин Академия тыңдаушыларының және осы оқу орны қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін