Тоқаев Қазақстан мен ҚХР арасындағы көлік бағытын дамытуға қатысты бірнеше заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
2024 жылы 1 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Одан бөлек Президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл заңдар көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейді.

Аталған құжаттардың нормалары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдарды дамыту үшін автомобиль, теңіз және теміржол көлігі түрлерінің артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауға арналған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды