ТМҰ-ның бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды

Сурет: Ақорда
2024 жылы 6 шіледе Түрік мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қол қойды.

Әзербайжан Президенті мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының қатысуымен қол қойылған Қарабақ декларациясы тарихи сипатқа ие екенін және әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін беретінін айтты, деп жазады Әзірбайжанның 1news.az басылымы.

Сондай-ақ кездесу соңында Түрік мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының маңызды шешіміне қол қойылды.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы ретінде оның қызметі барынша тиімді болғанын қалайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керектігін, осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет екенін айтты.

Оған қоса Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейрсеми саммитінде жасанды интеллектінің көмегімен "Үлкен тілдік түркі моделін" әзірлеуді ұсынды.

Әзірбайжан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды