Мемлекет басшысы қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Сурет: Ақорда
2024 жылы 9 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті, мемлекеттік және ақпараттық қауіпсіздігі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Академик жақында өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінде Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайту, бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлемдегі түрлі қақтығыстарды реттеу және олардың алдын алудағы орта держава ретінде танылған Қазақстанның рөлі арта түскендігін айтты. Сонымен қатар саммитте қабылданған Астана декларациясы мен жиырмадан астам құжаттың әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тең құқылы серіктестікке негізделген тиімді аймақтық ықпалдастықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығының маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуда қоғамдық дипломатия ерекше рөл атқара алады.

Бұған дейін Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдағаны хабарланған.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды