Қазақстан мен Тәжікстанның СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

"Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша "сағаттарын теңестірді", деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі 2024 жылы 29 шілдеде.

Бұдан басқа, аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен сапарлар кестесі бойынша, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

2024 жылы 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Қазақстан Президенті тәжік әріптесіне ШЫҰ саммитіне жекелей қатысқаны және Астананың басымдықтары мен бастамаларына үнемі білдіретін қолдауы алғыс айтты. 

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды